11 Маусым, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы  №18-02/64

266 рет
көрсетілді
39 мин
оқу үшін
Астана қаласы Орман қорын күзету және қорғау 2015 жылғы 30 қаңтар, жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 65-бабының 1 тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелуден кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналас­тырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр А.МАМЫТБЕКОВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Инвестициялау және даму министрі __________________ Ә.Исекешев 2015 жылғы 16 ақпан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №18-02/64 бұйрығымен бекітілген Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 65-бабының 1-тармағына және «Әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру тәртібін белгілейді. 2. Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстар ормандарды өрттерден күзету, оларды зиянкестер мен аурулардан, табиғи, антропогендік және техногендік сипаттағы қолайсыз факторлар әсерінен қорғау жөніндегі іс-шаралардың жалпы кешенінің құрамдас бөлігі болып табылады және орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) мен оның аумақтық бөлімшелері, орман иеленушілер мен орман пайдаланушылар ұйымдастырады. 3. Орман қорын күзету мен қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды орман қорын күзету мен қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүргізу саласында маманданған ұйымдар (бұдан әрі – орындаушы) жүзеге асырады. 4. Орындаушы мынадай шарттарға сәйкес келеді: 1) ормандағы авиациялық жұмыстарды өздерінің және жалға алынған әуе кемелерімен (бұдан әрі – ӘК) орындау; 2) бақылаушы ұшқыштың қолданыстағы куәлігі бар бақылаушы ұшқыштарының болуы; 3) мамандары оқудан өткен және өрт сөндіруші десантшының қолданыстағы куәліктері, сондай-ақ су ағызатын және жерге түсіру құрылғылармен, өрт сөндіру және радио байланыс құралдарымен жұмыс істеуге рұқсаттары бар десантшылардың өрт сөндіру қызметінің болуы; 4) өрт сөндіру құралдарының - өртке қарсы қол саймандарының, өрт сөндірудің техникалық құралдарының, су ағызатын құрылғылардың болуы; 5) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағындағы орман өрттері туралы ақпаратты жинау және беру жөніндегі диспетчерлік қызметтің болуы; 6) байланыс құралдарының – қысқа толқынды диапазонды, ультра қысқа толқынды авиациялық диапазонды, авариялық-құтқару қызметтерімен және орман иеленушілермен келісілген жұмыс жиіліктеріндегі ультра қысқа толқынды диапазонды радиостанциялардың болуы; 7) ӘК-інің дыбыс тарату станциясының болуы. 5. Орындаушы орман өрттерін сөндіру үшін мамандар, оның ішінде өрт сөндіруші-десантшылар даярлау және қайта даярлау кезінде әдістемелік басшылықты және консультативтік қызмет көрсетуді жүзеге асырады. 6. Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарға: 1) ормандар мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды өрттерден, орман зиянкестерінен және орман тәртібін бұзушылықтан күзету және қорғау жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу; 2) ормандарды өрттерден авиациямен күзету (қарауылдау) және оларды авиацияны қолданып сөндіру; 3) өсімдіктер мен жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнаманың бұзылуын анықтау және оның алдын алу; 4) орманның санитариялық жай-күйіне бақылау жүргізу; 5) ормандарды күзету жөніндегі авиациялық және жердегі қызметтердің өзара іс-қимыл; 6) орындаушы филиалдарының жұмысын диспетчерлік басқаруды ұйымдастыру; 7) байланыс жүйесін ұйымдастыру; 8) қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді ауа райы болжамдарын пайдалану; 9) ұшақпен шолып қарау арқылы жүргізілетін орман патологиялық зерттеулер жүргізу; 10) экспедициялық және орман патологиялық зерттеулер жүргізу; 11) Өндірістік құжаттама жүргізу жатады. 7. Орындаушы қызмет көрсететін орман қорының аумағын орман орналастыру кезінде мемлекеттік орман орналастыру ұйымы авиациялық және жердегі орман күзет аудандарына бөлінеді. 8. Орындаушы жүзеге асыратын авиациялық күзет аудандарына орман өрттерін уақтылы байқау және жою қолда бар жерүсті өрт сөндіру күштерімен және құралдарымен қамтамасыз етілмейтін аумақтар жатады. 9. Жердегі күзет аудандарында орындаушының филиалдары авиациямен қарауылдау кезінде орман өрттерінің дер кезінде байқалуын, орман өрттерінің шыққаны, олардың таралуы және отпен күрес жөніндегі шаралар туралы орман иеленушіге хабарлауды қамтамасыз етеді. 10. Аумақтарды авиациялық және жердегі күзет аудандарына жатқызу ормандарды күзету жөніндегі авиациялық жұмыстарды орындайтын ұйымдардың, аумақтық бөлімшелердің және мемлекеттік орман иеленушілерінің ұсыныстары негізінде мемлекеттік орман орналастыру ұйымы орман орналастыру кезінде белгіленеді. 11. Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды орындау кезінде ұшу сапарлары Заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. 12. Орман өрттерін жердегі және авиациялық құралдармен сөндіру жұмыстарын орындаушы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 77, 82-84, 87, 89-91-баптарының талаптарын сақтай отырып жүргізеді. 2. Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру тәртібі 13. Орындаушы қызмет көрсететін аумақтарда орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстар жүргізуді оның филиалдары жүзеге асырады. Филиал құрамында авиациялық звенолар, авиациялық топтар, авиациялық нүктелер, сондай-ақ бульдозерлермен, автоцистерналармен және өртке қарсы агрегаттармен жарақтандырылатын механикаландырылған жасақтар ұйымдастырылады. 14. Орындаушы қызмет көрсететін аумақтарда тәжірибелік-өндірістік филиалдар ұйымдастырылады. 15. Орман өрттерімен күрес жүргізу үшін орындаушы филиалдарда құрамына тиісінше өрт сөндіруші өрт сөндіруші парашютшілермен және өрт сөндіруші десантшылармен жасақталған өрт сөндіруші парашютшілер мен өрт сөндіруші десантшылар командалары мен топтары енетін өрт сөндіруші парашютшілер мен өрт сөндіруші десантшылар қызметтерін ұйымдастырады. 16. Өрт сөндіруші парашютшілер мен өрт сөндіруші десантшылар командаларын өрт сөндіруші парашютшілер мен өрт сөндіруші десантшылар қызметінің аға нұсқаушысы басқарады. Өрт сөндіруші парашютшілер мен өрт сөндіруші десантшылардың санына байланысты филиалдың өрт сөндіруші парашютшілер мен өрт сөндіруші десантшылар қызметінің аға нұсқаушысына көмек ретінде өрт сөндіруші парашютшілер мен өрт сөндіруші десантшылар командаларының нұсқаушылары тағайындалады. 17. Орман қорғау жөніндегі жұмыстарға техникалық басшылықты бақылаушы-ұшқыш жүзеге асырады. 18. Филиал қарауылдайтын орман қорының алқабы ауа райы жағдайлары бойынша шағын өрт қауіптілігіне сәйкес келетін өрттер тығыздығы жағдайында бір рет қарауылдау есебіне шаққанда негізгі ӘК-ге келетін нормативтік жүктемеге тең келеді. Қызмет көрсетілетін аумақтың шекарасы орман иелігінің шекарасымен тұспа-тұс келеді немесе белгілі және әуеден жақсы көрініп-танылатын бағдарлар (үлкен өзендер, темір жолдар және басқа танымдық бағдарлар) бойынша өтеді. 19. Филиалдардың орналасу орындары қорғалатын аумақтың неғұрлым өрт қауіпі бар учаскелеріне барынша жақын орналасқан пункттерде белгіленеді. Тікұшақтар аэродромдардан тыс жерлерде Заң талаптарына сәйкес жабдықталған қону алаңдарында тұрады. 20. Орындаушы филиалдар үшін өрт қауіпсіздігінің сыныбына қарай бір, екі және үш мәрте қарауылдау үшін күзет маршруттарын белгілейді. 21. Белгіленген күзет деңгейіне және филиал қызмет көрсететін аумақта, соның ішінде шалғайдағы аудандарда шығатын өрттердің санына байланысты өрттерді дер кезінде сөндіру үшін авиациялық өрт сөндіру командаларының саны, сондай-ақ командаларды өрт болып жатқан жерлерге жеткізуді қамтамасыз ететін ӘК түрлері айқындалады. Филиалдардың авиациялық өрт сөндіру командаларының құрамына механикаландырылған жасақтар, өрт сөндіруші парашютшілер мен өрт сөндіруші денсантшылар командалары, әуе командалары, филиалдардың диспетчерлік басқару пункттері кіреді. 22. Күзет маршруттары орташа көріну жағдайында қызмет көрсетілетін аумақтың барынша шолынып көрінуі қамтамасыз етілетіндей есеппен өрт тұрғысынан алғанда неғұрлым қауіпті учаскелер арқылы тартылады. Мүмкіндігінше маршруттардың шұғыл бұрылыс жасауына, көрші маршруттардан белгілі бір алқаптың көрініп тұруына үлкен тосқауылдар қойылуына жол берілмеу керек. Маршруттар тарту кезінде ұшу сапарларының барынша қауіпсіз болуын қамтамасыз ету қажеттігі ескеріледі. 23. Маршрут сызықтарының арасындағы қашықтық алпыс километрден аспайды, ал маршруттан қызмет көрсетілетін аумақтың шекарасына дейін отыз километрден аспайды. 24. Орындаушы өндірістік жоспар жасайды, оның негізінде әрбір филиалға ағымдағы жылдың өндірістік тапсырмасы беріледі. 25. Авиациялық орман күзетінің ұшу сапарларына орман өрттерін байқау және олармен күресу, орман тәртібін бұзушылықты анықтау және оның жолын кесу мақсатында өткізілетін ұшу сапарлары жатады. Жазғы уақытта осы мақсаттар үшін ормандардың өртенуінің орташа көрсеткіші кезінде алдыңғы жылдары қалыптасқан ұшу сағаты ескеріле отырып жоспарланады. 26. Өндірістік ұшу сапарларына ӘК-ні филиалдарға ұшырып апару және қайта ұшырып әкелу жөніндегі ұшу сапарлары, сондай-ақ мемлекеттік орман қорын орман зиянкестері мен ауруларынан қорғауға арналған арнайы ұшу сапарлары жатады. 27. Қызметтік-көмекші ұшу сапарларына филиалдарды инпекциялау жөніндегі ұшу сапарлары жатады. 28. Жеке құрамды, өртке қарсы жабдықтарды, байланыс құралдарын және басқа да мүлікті әуе көлігімен филиал орналасқан жерге тасымалдау жер көлігі болмаған кезде жүзеге асырылады не ӘК-ні оған ұшырып жеткізуге тұспа-тұс келтіріледі. 29. Көпжылдық байқаулар бойынша жазғы кезеңде ормандардың жануы бір айдан көп байқалмайтын аудандарда ормандарды авиациямен күзетуде үзілістер жоспарланады. 30. Әрбір филиалға бақылаушы-ұшқыштар бекітіліп беріледі. 31. Филиалдарды өрт сөндіру құралдарымен жарақтандыру орман өрттерімен белсенді күрес жүргізетін әрбір филиал қызмет көрсетілетін аумақтың табиғи және экономикалық жағдайларында пайдаланылуы дұрыс және ӘК таңдап алынған түрімен мүмкін болатын орман өрттерімен күресу құралдары мен әдістерін қолдануға толық дайын болатындай есеппен, сондай-ақ қолданылатын ӘК типінің пайдалану мүмкіндіктеріне байланысты жүргізіледі. 32. Орындаушы ормандағы жоғары өрт қауіптілігі кезеңдеріне орман өрттерімен күресте жергілікті атқарушы органдармен, мемлекеттік өртке қарсы қызметпен және орман иеленушілермен өзара іс-қимыл жөнінде іс-шаралар әзірлейді, оларда: 1) жергілікті атқарушы органдардың шешімдерін әзірлеуге қатысу; 2) ӘК тарту тәртібі; 3) ӘК орналасу орындары мен күзет маршруттары; 4) өрт сөндіру күштері мен құралдарын маневрлеу; 5) авиациялық жанар-жағармай материалдарымен, көлік және байланыс құралдарымен, картографиялық материалдармен, өрт сөндіру құралдарымен, тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету; 6) басқа филиалдардан жіберілетін резервтік өрт сөндіруші парашютшілер және өрт сөндіруші десантшылар командаларын тарту және орналастыру тәртібі көзделеді. 33. ӘК, өрт сөндіру құралдарын орналастыру жоспарлары және жоғары өрт қауіпі кезеңінде жүргізілетін іс-шаралар аумақтық бөлімшелермен, мемлекеттік және жекеше орман иеленушілермен келісімделеді. 3. Ормандарды күзету жөніндегі авиациялық және жердегі қызметтердің өзара іс-қимыл тәртібі 34. Аумағында ормандарды өрттерден авиациямен күзету жүргізілетін орман иеленушілер: 1) ормандардың өртке қарсы жабдықтау жоспарларында қорғалатын аумақты өрт сөндіру аудандарына бөлуді ескереді; 2) мемлекеттік орман күзетінің және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың ормандарды авиациямен күзетумен өзара іс-қимыл жасау мәселелері бойынша нұсқаулық өткізуді ұйымдастырады; 3) ұшақтан хабар қабылдап алу пункттерін дайындайды, ал тікұшақтар жұмыс істейтін аудандарда орман иелерінің, орманшылықтардың кеңселері жанында, орман өрт сөндіру станциялары мен кордондар орналасқан жерлерде, өрт тұрғысынан алғанда неғұрлым қауіпті орман алаптарында қону алаңдарын (Заң талаптарына сәйкес жабдықталған) әзірлейді; 4) қорғалатын аумақта орындаушының радиостанциялары болмаса, күзетші ӘК-мен байланысу үшін өзінің тиісті радио құралдары болады. 35. Күзетілетін аумақта орман өрттерін авиациямен қарауылдауды және сөндіруді ұйымдастыруды диспетчерлік басқарудың бірыңғай пункттері жүзеге асырады. 36. Филиалдың авиациямен күзету аудандарында өрт сөндіруші десантшылар әрбір орман өртін ойдағыдай ауыздықтау үшін өздерінің күшімен жоюды жүзеге асырады. 37. Орман өртін өз күшімен жою мүмкін болмаған жағдайда филиалдың бақылаушы-ұшқышы бұл туралы орман иеленушіге хабарлайды. 38. Филиал өртке әуе көлігімен жердегі күштер мен құралдарды жібереді, өрт сөндіру басшысының күзетші ӘК-мен радио байланысын қамтамасыз етеді, басшының талап ету бойынша жағдайды бағалау және отпен күрес жөнінде неғұрлым дұрыс шешімдер қабылдау үшін оған өрт болып жатқан жердің үстімен ұшып өту мүмкіндігін береді. 39. Авиациялық күзет аудандарында өрттерді толық сөндіру және оларды қарауылдау өрт сөндіруші парашютшілер мен өрт сөндіруші десантшылар қызметі қызметкерлерінің функцияларына кіреді. Жердегі күзет аудандарында өрттерді толық сөндіруді және оларды қарауылдауды барлық жағдайда мемлекеттік орман күзеті немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция және олардың өртке қарсы қызметі жүргізеді. 40. Жердегі күзет аудандарында филиалдар байқалған барлық өрттер жайында орман иеленушілерге хабарлайды. 41. Орман иеленушілер - бір жағынан және орындаушы - екінші жағынан шартта көрсетілген орманды күзету және қорғау жөніндегі жұмыстардың орындалуына бақылау жасайды. 42. Орман иеленушілер мен оларға қызмет көрсететін филиалдар авиациямен байқалған және авиациялық күштер мен құралдардың қатысуымен және орындаушының өз күшімен сөндірілген қызмет көрсетілетін аумақта шыққан орман өрттерінің саны мен алқабы туралы деректерді ай сайын салыстырып отырады. 43. Өрт қауіпі бар маусым басталар алдында және ол аяқталғаннан кейін орман иеленушілер орындаушының тиісті филиалының қатысуымен кеңестер өткізеді. Бірінші кеңесте ормандарды авиациямен күзету және орман шаруашылығына қызмет көрсету жөніндегі алдағы жұмыстар және осы жұмыстардағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралады. Екінші кеңесте филиалдың аға бақылаушы-ұшқышының есебі тыңдалады, өткен маусымның қорытындылары шығарылып, орман иеленушілер филиалдың авиациялық жұмыстарды орындауы туралы ұйғарым жасап, оны орындаушыға тапсырады. 44. Орман иеленушілер мекемелерінде қорытынды кеңестер өткізілгеннен кейін өткен өрт қауіпі бар маусымдағы жұмыс нәтижелері туралы филиалдардың құжаттамасы Комитетте техникалық кеңесте қаралады. 4. Орындаушы филиалдарының жұмысын диспетчерлік басқаруды ұйымдастыру тәртібі 45. Орындаушы қызмет көрсететін аумақта авиациямен толассыз қарауылдауды қамтамасыз ету, өрттер байқалған күні оларды сөндіру жөнінде шаралар қолдану үшін мемлекеттік және жекеше орман иеленушілерде өртке қарсы қызметтердің іс-қимылын үйлестіріп отыратын диспетчерлік қызмет ұйымдастырылады. 46. Диспетчерлік қызмет барлық орман өрттерінің оқиғалары туралы орындаушы құратын республикалық диспетчерлік қызметке күн сайын ақпарат беріп тұрады. 47. Республикалық диспетчерлік қызмет республика бойынша орман өрттері туралы ақпаратты күн сайын жинауды және қорытуды ұйымдастырып, оны ведомствоға береді. 48. Республикалық диспетчерлік қызметтің жұмысына басшылықты орындаушының басшысы немесе басшының ұшу қызметі жөніндегі орынбасары не оларды алмастыратын тұлға, ал филиалдың диспетчерлік басқару пункттерінің жұмысына – филиал командирі жүзеге асырады. Республикалық диспетчерлік қызметтің техникалық басшысы бас диспетчер, ал филиалдың диспетчерлік басқару пунктінде – диспетчер болып табылады. 49. Диспетчерлік басқару пунктінің барлық нұсқаулары орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мекемелерінің өртке қарсы қызметтерінің орындауына жатады. 50. Диспетчерлік басқару пункттерінде күн сайын мынадай ақпарат: 1) кешке жақын: әрбір филиал бойынша келесі күнге бастапқы деректер – метеорологиялық жағдай және ауа райының болжамы; ӘК-нің ұшуға әзірлігі, ұшып шығу уақыты және ұшу мақсаты; филиалдарда ұшуға әзір парашюттік-өрт сөндіру және десанттық-өрт сөндіру қызметі қызметкерлерінің болуы; күзетілетін аумақта жанып жатқан және сөндірілген өрттердің саны мен алқабы; өрт сөндіруде жұмыс істеп жатқан парашюттік-өрт сөндіру және десанттық-өрт сөндіру қызметі, орман күзеті қызметкерлерінің, тартылған жұмысшылардың саны және өрттерде өрт сөндірудің техникалық құралдарының болуы; авиациялық құралдармен өрттерге тасып апаруға және келесі күні кері тасып әкелуге белгіленген адамдар мен өрт сөндіру техникасының саны; филиалға қажет көмек; 2) күні бойына: ӘК-нің түрі мен борт нөмірі, парашюттік-өрт сөндіру және десанттық-өрт сөндіру қызметінің борттағы қызметкер­лерінің саны көрсетілген ұшу уақыты, ұшу сапарының мақсаты, маршруты; көрсетілген ӘК келіп қонатын орын мен уақыт және олардың жұмыс істеуінің бұдан былайғы жоспары; себептері және көмек көрсету шаралары көрсетіліп, ұшу сапарларының кідіруі немесе жүзеге асырылмауы; әрбір өрттің орыны, ауданы, негізгі сипаттамалары, оны жою жөнінде қолданылған шаралар көрсетіліп, оның байқалған уақыты; жанып жатқан өрттердің сипаттамалары көрсетіліп, оларды қарап көру деректері; басқа филиалдардағы өрттерді сөндіру үшін парашюттік-өрт сөндіру және десанттық-өрт сөндіру қызметінің қызметкерлерін жіберу туралы баяндаулар; басқа филиалдардан қосымша күштер мен құралдар келгені туралы, сондай-ақ парашюттік-өрт сөндіру және десанттық-өрт сөндіру қызметі қызметкерлерінің және кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар жұмысшыларының өрттерден қайтып оралғаны туралы хабарлармалар; орындаушының немесе орман иеленушінің араласуын қажет ететін төтенше оқиғалар мен басқа да жағдаяттар туралы ақпарат жиналады. 51. Диспетчерлік басқару пункті мен республикалық диспетчерлік қызметке келіп түсетін ақпарат арнайы схемалар мен кестелерде қорытылады. 52. Әлдеқандай ӘК-нің ұшу сапары кідіретіні немесе болмайтыны туралы деректер алған республикалық диспетчерлік қызметтің басшысы бұған түрткі болған себептерді жояды не авиакәсіпорын арқылы ӘК-ні шұғыл түрде ауыстыру туралы мәселені шешеді немесе көрші филиалдардың тиісті аумақты қарап көруі және белгіленген көлік жұмыстарын орындауы туралы нұсқау береді. 53. Сол күннің нақты жағдайларына байланысты республикалық диспетчерлік қызмет қосымша күштер мен құралдардың жетіспеу қатері төнген аудандарға оларды өрт қауіпі жоқ немесе ол болымсыз филиалдардан жібереді. 54. Өрт қауіпінің күшеюіне, орман өрттері санының көбеюіне қарай және филиалдарда бар өз күштері мен құралдары жетіспейтін жағдайда басқа филиалдардың резервтері сұралады. 5. Байланыс жүйесін ұйымдастыру тәртібі 55. Орындаушы филиалдарының ормандарды өрттерден авиациялық қорғау жөніндегі жұмысын қамтамасыз ету және олардың орман шаруашылығы мекемелері мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өртке қарсы қызметімен бірлесіп жұмыс істеу үшін мынадай радио байланысы жүйесі ұйымдастырылады: 1) филиалдарға қызмет көрсететін ӘК әуе қозғалысына қызмет көрсететін органдармен (бұдан әрі – ӘҚО) тұрақты түрде радио байланысында болады. Авиациялық жұмыстардың белгілі бір түрін орындау кезінде байланыс, бақылау жасалмайтын әуе кеңістігіндегі ұшу сапарларын қоспағанда, радиостанцияның әсіре қысқа толқынды авиациялық диапазонының (бұдан әрі – ӘҚТ) немесе ӘК жауапкершілік аймағында ұшып жүрген ӘҚО қызметі арнасының қысқа толқынды диапазонының (ҚТ) жиілігінде жүзеге асырылады. 2) әрбір ӘК-нің филиалмен радио байланысы, бұл ретте екі бағыттағы корреспондент қолма-қол шақырылады, ал бортта филиал жиілігіне бапталған радиостанцияның дербес командалық ӘҚТ болмаған жағдайда осындай шақыруға қажеттілік туындағаннан кейін 10-15 минуттан кешіктірілмей жүзеге асырылады; 3) өрттер байқалғаннан кейін келесі күні ауыздықталмаған өрттерді сөндіру басшыларымен филиалдың радио байланысы; 4) ӘК өрт ауданында болған кезеңде өрттерді сөндіруде жұмыс істеп жатқан топтармен ӘК-нің радио байланысы; 5) филиалдың қызмет көрсетілетін барлық орман иеленушілермен және өзінің механикаландырылған командаларымен радио байланысы; 6) тиісті орман иеленушінің аумағы үстінде қарауылдау ұшу сапарын орындауы кезінде филиалдардың механикаландырылған командаларымен және қызмет көрсетілетін орман иеленушілермен ӘК-нің радио байланысы. 56. Орындаушының орталық радиостанциясының жабдықтары, филиалдардағы радиостанциялардың мөлшері мен түрлерін таңдау, жұмыс жиіліктері мен жұмыс кестесі филиалдардың жұмысы және ормандардың өртенуі туралы ақпараттың дер кезінде берілуін қамтамасыз етуді ескере отырып айқындалады. 57. Орындаушы, оның филиалдары орман шаруашылығын басқару органдарымен бір пункте орналасқан жағдайларда осы пункте ормандарды жерден күзетудің де, авиациямен күзетудің де радио байланысы жөніндегі қажеттіліктерін қамтамасыз ететін біріңғай диспетчерлік пункт ұйымдастырылады. 58. Орындаушының, орман иеленушілердің және қарауылшы ӘК арасында радио байланысы мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: 1) ұшып шығатын күні осының алдында белгіленген уақытта филиалдың радиостанциясы циркулярлық байланыс сеансын өткізеді, онда ұшу уақыты нақтыланады, өздерінің аумақтарының жекелеген учаскелерін қарап шығу жөніндегі орман иеленушілердің тапсырымдары қабылданады, орман өрттерін сөндіру жөніндегі өзара іс-қимыл мәселелері шешіледі, сондай-ақ ұшу сапарларын кейінге қалдыру оқиғалары немесе циркулярлық байланыстың келесі сеансының уақыты жайында хабарланады; 2) қарауылшы ӘК ұшып шыққан сәттен бастап күзетілетін аумақтағы барлық командалық радиостанциялар «қабылдауда» толассыз жұмыс істейді, бұл ретте жердегі радиостанциялар ӘК радиостанциясымен байланысты бақылаушы-ұшқыштың бұйрығы келіп түскеннен кейін ғана тоқтатады; 3) бақылаушы-ұшқыш күзетілетін аумақтағы радиостанциялардың бірімен жұмыс істеуі кезінде барлық қалған радиостанциялар осы жиілікте радиоалмасуды тоқтатады және оны бақылаушы-ұшқыш кезекті байланыс сеансын аяқтағаннан кейін ғана қалпына келтіреді; 4) ұшып шығып, биіктікке көтерілгеннен кейін бақылаушы-ұшқыш аумағының үстімен ұшып келе жатқан орман иеленушілермен радиостанция арқылы байланысқа шығады; 5) ормандағы өртті немесе өсімдіктер мен жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын байқаған кезде бақылаушы-ұшқыш олар және оларды жою жөнінде қолданылған шаралар туралы хабар береді және өзінің бұдан былайғы іс-әрекетін орман иеленушімен келісіп алады; 6) ӘК басқа орман иеленушінің шекарасына таяп қалуына он минут қалғанда бақылаушы-ұшқыш оның радиостанциясымен байланыс орнатады. 59. Аумағының үстімен ұшып шығу аяқталғанда орман иеленушімен байланыс оның шекарасынан ұшып өткеннен кейін ғана тоқтатылады, бұл ретте бақылаушы ұшқыш осы радиостанциямен келесі сеанстың уақытын белгілейді. 60. Бортында радиостанциялар бар ұшақтар мен тікұшақтардың бақылаушы ұшқыштары ұшып бара жатып орындаушы филиалдарының радиостанциясымен және республикалық диспетчерлік қызметпен тікелей байланыс орнатады. 61. Орман өрттерін байқау немесе оларды сөндіру жөніндегі шаралар туралы хабарлар борттардан филиал диспетчері арқылы беріледі. Өрттер туралы радиограмма алғаннан кейін филиал диспетчері оны өзінің қарауындағы байланыс құралдарының көмегімен осы пункте орналасқан орман иеленушінің міндетіне қарай не орындаушыға дереу хабар береді. 62. Едәуір қашықтықта ұшып бара жатқанда және филиалмен ӘҚТ авиациялық диапазонда тікелей радио байланысы болмаған кезде хабарламалар беру әуеде байланыс орнату мүмкін болатын басқа ӘК көмегімен жүргізіледі. 63. Орман өрттері және оларды сөндіру жөніндегі шаралар туралы хабарламалар беру радио байланысы арқылы жүзеге асырылады. 64. Нақты жергілікті жағдайлар мен өрт ахуалына байланысты орман өрттері туралы хабарламаларды беру үшін сондай-ақ басқа ведомстволардың ұйымдары мен кәсіпорындарының радио және сым байланысы құралдары пайдаланылады. 6. Қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді ауа райы болжамдарын пайдалану тәртібі 65. Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды орындау үшін орындаушы мемлекеттік метеорологиялық қызметтің қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді ауа райы болжамдарымен қамтамасыз етіледі. 66. Қызмет көрсетілетін аумақта ауа райының жағдайлары бойынша ормандағы өрт қауіпінің сыныбын анықтауды орман иеленуші филиал орналасқан пунктегі метеорологиялық станцияның деректері бойынша жүргізеді. 67. Бекітілген қарауылдау маршруттары бойынша ұшу сапарларын орындауды үйлестіріп отыру үшін ауа райының нақты жағдайы, өрт қауіпінің сыныптары және филиал қызмет көрсететін аумақта орналасқан барлық метеостанциялар бойынша түскен жауын-шашынның мөлшері туралы ақпарат пайдаланылады. 68. Ормандағы өртті сөндіру қызметтерінің жұмысын диспетчерлік басқару ұйымдастырылған филиалда ауа райының жағдайлары бойынша ормандағы өрт қауіпінің сыныбын есептеуді филиалдардың диспетчерлік басқару пункттері жүргізеді. 7. Орындаушының орман қорын авиациямен қарауылдауға дайындалу тәртібі 69. Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды орындауға ведомствомен шартқа қол қойғаннан кейін орындаушы мынадай дайындық жұмыстарын жүргізеді: 1) орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарға орман иеленушілермен шарттар жасасу; 2) орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды орындау бойынша ұшу сапарларын орындауға авиакәсіпорындармен шарттар жасасу; 3) орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарға метеорологиялық қызмет көрсетуге шарттар жасасу; 4) филиалдар қызметкерлерінің жетіспейтін мөлшерін жинау және даярлау; 5) бақылаушы ұшқыштар мен парашюттік-өрт сөндіру және өрт сөндіру-десанттық қызмет қызметкерлерінің біліктілігін қуаттау, өрт сөндіру құралдарын пайдалану, орман өрттерін сөндіру тактикасы мен техникасы жөнінде жаттығу сабақтарын өткізу, қауіпсіздік техникасы бойынша зачеттер тапсыру; 6) парашюттік-өрт сөндіру және өрт сөндіру-десанттық қызмет қызметкерлерін медициналық куәландыру және олардың жаттығып ұшуы, секіру және сырғып түсу; 7) өрт сөндіру құралдарын, көлік пен байланысты, парашюттік-десанттық мүлік пен далалық жабдықтарды жұмысқа дайындау, олардың жетіспейтін мөлшерін сатып алу; 8) картографиялық материал әзірлеу; 9) механикаландырылған отрядтар мен қосымша жанар май құю пунктерін ұйымдастыру, жарылғыш материалдар қоймаларын әзірлеу, жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсаттама құжаттамасын алу, жанар-жағар май мен жарылғыш материалдарды сақтау орындарына тасып алу; 10) филиалдарда және авиациямен өрт сөндіру станцияларында жаңа өндірістік мақсаттағы үй-жайлар мен құрылыстар, қызметтік үйлері, жатақханалар салу және барларын жөндеу, сондай-ақ қону алаңдарын салу; 11) жергілікті атқарушы органдардың қорғалатын аумақта орман өрттерінің алдын алу және олармен күрес жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар жоспарларын жасауына және орман иеленушілермен кеңестерге қатысу; 12) өртке қарсы профилактика. 70. Бақылаушы ұшқыштардың куәліктерін ұзартуды орындаушы жүзеге асырады. 71. Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарда қолданылатын карталар өздерінің мақсатына қарай: 1) орман өрттері болып жатқан жерді дәлме-дәл анықтау және олармен күрес жөнінде шаралар қолдану үшін пайдаланылатын қарауылдық карталар; 2) ұшақ басқаруға арналған ұшу карталары; 3) орман өрттерінің схемаларын салуға, өрт сөндіру, сондай-ақ оларды өндірістік тапсырмаларды орындау кезінде өрт сөндіруші парашютшілер мен өрт сөндіруші десантшылардың пайдалануы жөніндегі жұмыстарды жоспарлауға арналған орман өрттері карталары; 4) өндірістік тапсырмаларды орындау кезінде өрт сөндіруші парашютшілер мен өрт сөндіруші десантшылардың жалпы бағдар ұстануына арналған облыстардың әкімшілік карталары; 5) орындаушы филиалдарының диспетчерлік басқару пункттеріндегі штаб карталары болып бөлінеді. 72. Жыл сайын өрт қауіпі бар маусым аяқталғаннан кейін филиалдардың барлық қарауылдық және ұшу карталары тексеріліп, кейіннен келесі өрт қауіпі бар маусымда пайдалануға олардың жарамдылығы және жаңа карталар жасау жөніндегі филиалдардың қажеттілігі анықталуға жатады. 73. Қызмет көрсетілетін ауданға ұшу және қарауылдау карталарын бақылаушы ұшқыштар әзірлеп, филиалдар орындайды. Филиалдағы ұшу және қарауылдау карталары топтамаларының мөлшері жоғары өрт қауіпі жағдайында ұшу сапарларын қамтамасыз етуді ескере отырып айқындалады. 74. Қарауылдау карталары ретінде масштабы 1:1000000 немесе 1:3000000 топографиялық карталар пайдаланылады. Картаның масштабы қызмет көрсетілетін ормандардағы орамдардың мөлшеріне және бағдар ұстану желісінің дамуына байланысты таңдап алынады. 75. Қарауылдау картасына шартты белгілермен: 1) филиал қызмет көрсететін аумақтың шекарасы; 2) орман иеліктері мен орманшылықтардың шекарасы, олардың атаулары; 3) орман иеленушілер мен орманшылықтардың кеңселері, өрт сөндіру аудандары; 4) орамдардың шекарасы мен нөмірлері; 5) орман күзеті қызметкерлерінің тұрғылықты жерлері; 6) хабарлармалар қабылдау пункттері; 7) өрт бақылау мұнаралары, мачталар; 8) орман өрт сөндіру станциялары мен авиациямен өрт сөндіру станциялары, қоғамдық өрт сөндіру бірлестіктерінің шоғырланған пункттері; 9) орман иеленушілердің радиостанциялары, аэродромдар, тікұшақтарға арналған қону алаңдары және қосымша жанар май құю пункттері; 10) электр желілері, табиғи және жасанды тосқауылдар мен жергілікті жерде болатын басқа да бағдарлар енгізіледі; 11) қарауыл картасына сондай-ақ экспедициялардың, іздестіру партиялары мен отрядтарының орналасқан жерлері, олардың жүру маршруттары енгізіледі; 12) картаға аумақтың жекелеген учаскелерінің өрт қауіпінің деңгейін сипаттайтын қосымша деректер енгізіледі. 76. Маневр жасау жоспары бойынша көрші филиалдарға көмек көрсететін филиалдарда осы филиалдардың аумағын қамтыған ұшу карталарының толық топтамасы болады. 77. Қарауыл карталары орман орналастыру жұмыстарының, аэрофототүсірімнің, орман патологиясын бақылаудың, ормандарды өртке қарсы жабдықтаудың материалдары бойынша және өткен жылғы басқа да өзгерістерді ескере отырып жыл сайын нақтыланып отырады. 78. Орман қорын авиациямен күзету және қорғау жөніндегі ұшу сапарларын жүзеге асыру барысында қарауыл картасы жергілікті жерге қатысты айқындалған қосымша бағдарлық егжей-тегжейлі мәселелермен нақтыланады. 79. Ұшу картасы ретінде масштабы 1:500 000 (М 1:100 000 қарауыл картасы жағдайында) немесе 1:1 000 000 (М 1:300 000 қарауыл картасы жағдайында) топографиялық карталары пайдаланылады. 80. Ұшу картасын әзірлеу оған шартты белгілермен қарауыл маршруттарын, филиал қызмет көрсететін аумақтың шекарасын, орман иеліктерінің шекарасын және қарауыл картасы планшеттерінің нөмірлерін көрсетіп (қоңыр түспен) олардың рамкаларын, сондай-ақ орман иеленушілер кеңселерінің орналасу пункттерін және авиациялық жанар-жағар майды қосымша құю пункттерін енгізумен тұжырымдалады. Филиал қызмет көрсететін орман иеленушілерінің саны көп бола қоймайтын аудандарда ұшу картасына сондай-ақ орманшылықтардың шекарасы мен олардың кеңселерінің орналасқан жері енгізіледі. 81. Ұшу карталары аумаққа көрші филиалдардың орналасқан жерлеріне ұшу сапарларының орындалуын есепке ала отырып әзірленеді. 82. Ұшу және қарауыл карталарына арнайы белгілер тушпен немесе фломастермен мұқият қойылады. 83. Орман өрттері карталары ретінде масштабы 1:100 000 арнайы топографиялық карталар пайдаланылады. 84. Штаб карталарын орындаушы және диспетчерлік басқару пункттері ұйымдастырылған филиалдар дайындайды және пайдаланады. Филиалдардағы штаб карталарын жүргізудің қарай филиалдың бақылаушы ұшқыштары айқандайды. 85. Штаб карталары ретінде масштабы 1:1000000 кем болмайтын карталар пайдаланылады, оларда: 1) орман иеленушілердің шекаралары және олардың кеңселері; 2) ӘК типтері мен саны, сондай-ақ өрт сөндіруші парашютшілер мен өрт сөндіруші десантшылар қызмет қызметкерлерінің саны көрсетілетін филиалдың орналасқан орны; 3) орман қарауылдау маршруттары; 4) ӘК-ға арналған әуежайлар және қону алаңдары; 5) механикаландырылған командалардың орналасқан жерлері және қосымша жанармай құю бекеттері; 6) орман иеленушілердің орман өрт сөндіру станциялары; 7) картаға ӘК-нің нақты орналасуы мен парашюттік-өрт сөндіру және десанттық-өрт сөндіру қызметі қызметкерлерінің санын көрсететін белгілер қойылады, белгілер жағдайдың өзгеруіне қарай ауыстырылады. 8) өрттер байқалған кезде олардың пайда болған орындары өрттің пайда болған күні және оның нөмірі көрсетіле отырып қызыл түсті жалауман белгіленеді. 9) сөндірілген өрттер көк түсті жалаумен белгіленеді. 86. Филиал қызмет көрсететін орман иеленушілердің қатысуымен алдағы өрт қауіпі бар маусымға дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізу кезінде мынадай негізгі мәселелер қарастырылады: 1) өрттер туралы ақпарат алуды ұйымдастыру және алу тәртібі; 2) өртке қарсы күрес бойынша авиациялық және жердегі күштер мен құралдардың өзара іс-қимылы, орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тұрақты жұмысшыларының арасынан командалар ұйымдастыру, өртке қарсы күрес үшін қосымша резервтерді тарту тәртібі; 3) орман өртін сөндіруде, оларды қарауылдауда, жеке құрамның филиалға қайтуында өрт сөндіруші парашютшілер мен өрт сөндіруші десантшыларға көмек көрсетуді ұйымдастыру, 4) хабарламалар қабылдау пунктінде айыру белгілерін орнату; 5) вымпелдерді қабылдау тәртібі; 6) орындаушының күшімен және құралымен орман өрттерін жоюды және сөндіруді қуаттау; 7) тікұшақтар алаңдарын салу мен оларды пайдалану және авиациялық жанар-жағар май материалдарын (авиаЖЖМ) сақтау; 8) өткен өрт қауіпі бар маусымда ормандарды авиациямен күзету жұмысының да, жерден күзету жұмысының да кемшіліктері, оларды жою жолдарын анықтау және қызметтердің өзара іс-қимыл жасау мәселелерін шешу. 87. Филиалдар өрт қауіпі бар маусым басталғанға дейін мынадай іс-шараларды жүргізеді: 1) орман өрттерін сөндіру үшін орман иеленушілері бөлетін жұмысшылар командаларын дайындауды қамтамасыз етеді; 2) орман иеленушілерімен бірлесе отырып радиостанциялар орнату орындарын айқындайды және хабарламалар қабылдау пункттерін ұйымдастырады, оларға берілген шақыру және айыру белгілері, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауға жауапты адамдардың лауазымы мен аты-жөні көрсетілген осы пунктердің тізімін алады; 3) орман иеленушілерімен бірге орман орналастыру материалдары бойынша өрт сөндіру аудандарында аумақтарды бөлуді жүргізеді, қарауылдау карталарын нақтылайды; 4) өткен кезеңдегі орман өрттерінің пайда болу себептерін және олардың таралуына әсер ететін жағдайларды талдайды; 5) экспедиция жұмысының аудандары және ола
Соңғы жаңалықтар

Қаламгер һәм қайраткер

Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Жеңіл табыс жерге қаратады

Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Микроқаржы сергелдеңі

Қаржы • 25 Мамыр, 2024

Болмысы биік тұлға

Тағзым • 25 Мамыр, 2024

БАҚ пен тіл

Сұхбат • 25 Мамыр, 2024

Тасқын су толастамай тұр

Аймақтар • 25 Мамыр, 2024